386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша бөтелкедегі ауыз су ең қымбат тұратын қала анықталды

  • 166
  • UPD: 10:29, 19.07.2019

Қазақстандық зауыттар сусын өндірісін ұлғайтты. Биылғы алты айда 334 миллион литр минералды және газдалған сусын шығарылған.

Сондай ақ 774 миллион литр алкогольсіз сусын өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 процентке көп. Осылайша мемлекеттің ішкі сұранысының 92 процентін отандық өндірушілер қамтыды. Тек 8 проценттейі ғана импорттың үлесінде. Дегенмен биыл шеттен әкелінетін сусындардың үлесі 13,7 процентке өсті. Ал Қазақстанда шығарылған сусындардың тек 4 жарым проценттейі ғана шет елдерге экспортталады. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда аптап ыстық күндері бөтелкедегі бір литр судың Қазақстан бойынша орташа құны 88 теңгені құрап, 12 процентке қымбаттады. Бөтелкедегі ауыз су қымбат тұратын өңірлердің көш басында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордада сусын бір жылда 25 процентке қымбаттап, 99 теңгені құрады. Ал Алматыда бөтелге құйылған ауыз судың литрі 97, Көкшетауда 96 теңге тұрады.

Алдағы екі жылда Орталық Азиядағы дамушы елдердің экономикалық өсімі 5,7 процент деңгейінде сақталады. Мұндай болжамды Азия даму банкінің мамандары жасады. Өсім қарқыны алдыңғы жылдардағмен салыстырғанда бәсеңдеген. Оған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда  жанжалы әсер етті. Қаржы орталығының бас сарапшысы Ясуюки Саваданың айтуынша екі алпауыт ортақ байламға келмесе әлемдік нарықтағы тұрақсыздық сақталып, аймақтағы елдердің экономикасына өз әсерін тигізеді. Биыл Орталық Азия елдеріндегі экономикалық көрсеткіштер 4,3 процентке өсім көрсетті. Қазақстандағы экономикалық ахуалға отандық сарапшылар да оң пікір білдірді. Биыл инфляция деңгейі 6 дан беске дейін төмендеуі мүмкін. Олардың пайымынша келер жылы бес процент есебінде сақталуы мүмкін. 

Әлемде миллиардерлер көп шоғырланған шаһарлардың тізімі жасалды. Көш басында Нью-Йорк тұр. Мұнда байлығы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын 85 адам тұрады. Екінші орында Гонконг. Бұл қаланың 79 тұрғынының жиған тергені 1 миллардтан асады. Үштікті Мәскеу түйіндеді. Солтүстіктегі көрші елдің астанасында 71 миллиардер тұрады. Тізімді Форбс басылымының мәліметтеріне сүйеніп, ұлыбританиялық Савилс компаниясы жасады. Топ-ондыққа Пекин, Лондон, Шанхай, Сан-Франциско, Шэньчжэнь, Сеул, Мумбай елдері де кіреді. Байқанымыздай миллиардерлер шоғырланған топ он қаланың үшеуі тіпті Гонконгті қосқанда төртеуі Қытайдың үлесінде. Ал Еуропа елдерінен тек Лондон ғана кірген.

Жыл соңында елімізде ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші 4 проценттен асуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры мәлімдеді. Оның айтуынша әлеуметтік төлемдердің артуы жалпы ішкі өнімнің көлемін көбейтуге оң әсер етеді. Себебі халықтың табысы артып, күнкөріс дееңгейі жоғарылаған сайын өнімділік артады. Биылғы алты айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11,7 процентке ұлғайды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 0,3 процентке өсіп, 58,2 миллиард АҚШ долларына жетті. Алғашқы жарты жалдықта ішкі жалпы өнімнің көлемі 4,1 процентке өсті. Ал инфляцияның өсімі 5,4 процентті құраған. 

Асқар Жапарқұлов, ҚР ҰЭМ макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры: 

- Көптеген адамдар инфляция өсімінің бұдан әлдеқайда жоғары екенін айтуы мүмкін. Біз жалпы жекелеген бағалар бойынша емес, ортақ көрсеткішті алып отырмыз. Тұтыну себетінде 510 тауар бар. Соның бәрін санағанда осындай ортақ сан шығып отыр. 

2019 жылдың қаңтар мен мамыр аралығында Қазақстанға шет елдерден 146 миллиард теңгедей қаржы аударылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі сомадан 31 процентке көп. Шет мемлекеттен жіберілетін қаржының 60 проценттен астамы Ресей мен Оңтүстік Кореяның үлесінде. Жекелей айтсақ Ресейден Қазақстанға аударылған қаржы сомасы биыл 22 процентке артып, 62 миллиардқа жетті. Ал Оңтүстік Кореядан 26 миллиард теңге келген. Үштікке Өзбекстан елі де кіреді. Оңтүстіктегі көрші елден Қазақстанға 12,8 миллиард теңге жіберілген. Аударымдардың тең жартысы «Золотая Корона» жүйесі арқылы жүзеге асқан. Сондай-ақ шет елден Қазақстанға қаржы аударушылар Western Union және  MoneyGram жүйелеріне де жиі жүгінеді.

Хабар 24 телеарнасы