386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетте қалуы аймақтарды дамытады

  • 128
  • UPD: 11:06, 19.07.2019
Корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетте қалуы аймақтарды дамытады

Шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетте қалатын болды.

Бұл туралы мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. Мұндай бастама елдегі әр аймақтың дамуын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді дейді ақтөбелік сарапшылар. Ал кәсіпкерлік палатасының өкілдері экономиканың қозғаушы күші бизнестің түрлі жобаларын іске асыруға да ықпал ететінін айтады. Себебі бұрын нысандарға инфрақұрылым желілерін тартуға жергілікті бюджетте қаралған қаржы ғана бөлінетін. Бұдан өзге кәсіппен айналысушылардың саны да ұлғаяды деген үміт бар. Бүгінде өңірде 58 мыңнан астам бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олар жылдың алғашқы тоқсанында 185,2 млрд теңгенің өнімін өндірген.

Анар Жаржанова, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Жеңілдетілген несие алуға және инфрақұрылым тартуға осы облыстық бюджеттен бүгінгі күні қомақты қаржы бөлініп отыр. Сондықтан осы корпоративтік салықты жергілікті жерге берген кезде осындай көмектің алдағы уақытта мүмкіншілігі де өседі деп есептейміз. Өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына бір импулс береді. Себебі осы салаға бөлінетін қаржы көлемі де көбейеді.

Хабар 24 телеарнасы