386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысына биыл 332 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған

  • 197
  • UPD: 12:06, 19.07.2019
Ақтөбе облысына биыл 332 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған

Ақтөбе облысына биылғы алты айда 332 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.

Оны жыл соңына дейін бірнеше есе арттыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде, өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен оннан аса ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның үшеуі биыл іске қосылуы тиіс. Нәтижесінде, төрт мыңға жуық адам тұрақты жұмыс табады. Жобалар ел үшін де маңызды. Мәселен, ресейлік компания екі бірдей ауданда мыс кенін игеруді қолға алған. Ал еуропалық инвестор Қарғалы ауданында жел электр станциясын салып жатыр. Соңғы аталған жоба толық жүзеге асқан кезде, жылына 48 мегаватт электр қуаты өндіріледі. Бүгінде өңір аумағында жұмыс істегісі келетін өзге де компаниялардан ұсыныстар түсуде.

Марат Балмұханов, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының өкілі:

- Біз қазір техникалық – экономикалық негіздемесі жасалған бірқатар жобаларды қарастырып жатырмыз. Жалпы, облыста инвесторлар үшін өте қолайлы жағдай жасалған. Индустриялды аумақтан орын беру, құжаттарын рәсімдеу және сүйемелдеу сондай-ақ, өзге де қолайлы шарттар бар. Бүгінде, Түркия, Германия, АҚШ елдерінен инвесторлар тарту жұмыстарымен айналысып келеміз.

Хабар 24 телеарнасы