386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пэр Бродерзен: Қазақстан ет шаруашылығы мен астық шығаруда белсенді жұмыс істеп жатыр

  • 202
Пэр Бродерзен: Қазақстан ет шаруашылығы мен астық шығаруда белсенді жұмыс істеп жатыр

2025 жылға дейін импорттың көлемін 2 есе азайтып, ал отандық өнімдердің үлесін ұлғайту қажет.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қойған осындай міндетін жүзеге асыруға неміс ауыл шаруашылығы қолдау көрсете алады. Германия агробизнесі альянсының директоры Пэр Бродерзеннің пікірінше, Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы әлеуеті орасан зор. Оның айтуынша, «Қазақстанда жасалған» деген белгімен жоғары сапалы өнімді ішкі ғана емес, сыртқы нарыққа да шығару қажет.

Пэр Бродерзен, неміс агробизнес одағының директоры:

– Меніңше, импорттық өнімдердің үлесін азайту Қазақстанға экономикалық тұрғыдан күшті серпіліс береді. Қазақ елі ет шаруашылығы мен астық шығару бойынша белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бұл салаларда Германия ең озық технологиялар мен техникасын ұсына алады. Мысалы, жерсерігі арқылы егін егуден оны оруға дейінгі кезеңді бақылайтын құрал.

Хабар 24 телеарнасы