386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петро Билян: Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасында сыртқы саудаға мән берілді

  • 206
  • UPD: 15:22, 20.07.2019

Отандық экспортты мемлекеттік қолдау мәселесі – Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген бағыттардың бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрлігіне сауда саясатын құруда жүйелі және ұтымты тәсілге көшуді, әрі отандық экспортты дамыту үшін тиімді шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған еді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мемлекеттік дамудың бұл бағытына Украина сарапшылары қызыға қарайтынын айтады. «Өйткені отандық экспортты қолдау әрі индустрияландыру бағдарламасы жыл сайын өзектілігін арттырып отыр», – дейді Петро Билян. Экономист және «Іскер астана» басылымының сарапшы маманы сапалы инвесторларды тартуда мұндай мемлекеттік қолдаудың нәтижесі көп күттірмейді деп сенеді.

Петро Билян, «Іскер астана» басылымының сарапшы маманы:

– «Украинаға отандық экспортты қолдайтын мемлекеттік бағдарлама қажет пе?» деген мәселені біздің сарапшылар ұзақ жылдар бойы талдап келеді. Бұл ретте Қазақстан үкіметі сөз емес, іске кірісті және индустрияландыру бойынша жаңа жұмыс орындары жыл санап ашылып отыр. Бұл ретте экспорттық әлеуеті бар кәсіпорын мемлекеттің қамқорлығын сезіне алады. Шикізат емес, құны жоғары өнімді тасымалдаудың ел экономикасы үшін пайдасы мол. 

Хабар 24 телеарнасы