386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 2020 жылы төртінші деңгейлі бюджет бекітіледі

  • 186
  • UPD: 13:20, 22.07.2019
Қазақстанда 2020 жылы төртінші деңгейлі бюджет бекітіледі

Бұл жергілікті өзін өзі басқару жүйесін жетілдіріп, қосымша қаржы көзін табуға мүмкіндік береді.

Якорь ауылдық округінің әкімі Қайырболат Чехманов осылай дейді. Қазір оның округінде мүлік, жер және көлік салығынан 8 млн. теңге жиналады. Ал, шағын және орта бизнестен түсетін салық елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізбек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтып, тиісті тапсырма берді. 

Қайырболат Чехманов, Якорь ауылдық округінің әкімі:

- Салықтың қаражаты бәрі де округте қалады. Сол дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, бүкіл қаражат тұрғындардың ұсыныстарына, проблемаларды шешуге кетеді. Округтегі бүкіл жолдарды жөндейміз. Жарық береміз.

Хабар 24 телеарнасы