386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарапайым заттар экономикасын» арттыру арқылы еліміздің импортқа деген тәуелділігі азаяды

  • 189
  • UPD: 09:56, 23.07.2019

Азық-түлік, киім-кешек, құрылысқа қажетті заттардан құралатын, яғни күнделікті пайдаланып жүрген ұсақ тауарлар ел экономикасының негізгі бөлшегін құрайды.

Мақсат - ұсақ-түйектің өзін өзгеден алмай, өзімізде шығаруға ден қою, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алуа Маханбет, тілші:

- Ерлерге арналған аяқ киім шығаратын мына цехтың жұмыс істегеніне биыл үшінші жыл.  Бастапқыда мұнда тек 2 тігін машинасы мен 2 шебер жұмыс жасаған. Таза былғарыдан тігілетін сапалы өнімге сұраныстың артқаны сонша, қазір мұнда айына 1 мың дана аяқ киім тігіледі. Ал, жұмысшылар саны 10 есеге артқан.

Дәурен Раманқұл, цех құрылтайшыларының бірі:

- Біздің алдағы жоспарларымыз өте үлкен. Ең бірінші жоспарымыз - айына 5 мың жұп аяқ киім жасау. Және ол аяқ киімдерді Қазақстан ішінде сатып қоя салмай, шетелге де жіберу. Ол біздің ең жақын көршілеріміз Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне жіберу.

Аяқ киім тігу өнеркәсібі «қарапайым заттар экономикасының» тізіміне кіретін 360-тан астам өнімнің бірі. Осындай кәсіпкерлікті дамыту үшін, Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы бағдарлама да құрылды. Тіпті бюджеттен 600 млрд теңге бөлінді. Яғни, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде бұл кәсіпкерлерге 7 жылға 6%-тік мөлшерлемемен несие беріледі. Ал, оның жүзеге асыру барысын Кәсіпкерлер палатасы реттеп отырады.

Асхат Әбішев, қалалық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

- Алматы қаласында бүгінге дейін «Қарпайым заттардың экономикасы»  бағдарламасы бойынша 104 кәсіпкердің өтініші қаралды. Оның ішінде 6,3 млрд теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданды. Сондай-ақ 4,2 млрд теңге көлеміндегі 5 жоба қаржыландырылды.

Демек, Түркия немесе Қытайдың емес, өзімізде шығарылатын аяқ киімді киіп, тек отандық өнімді пайдаланар күн алыс емес.

Авторлары: Алуа Маханбет, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы