386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаудағы зауытта мүгедек жандарға арналған арба құрастырылады

  • 158
  • UPD: 22:00, 23.07.2019

Көкшетаудағы ірі зауыттардың бірінде енді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоларба құрастырылады.

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың аймаққа жұмыс сапары барысында айтты. Бұған дейін еліміздің Үкімет басшысына таныстырылған отандық өнімге енді мемлекеттік тапсырыс түсіп отыр. Ал қоларбаның ерекшелігі, ол берік материалдан жасалып, электрлі мотормен жабдықталған. Әрі жиналмалы. Ең бастысы, импорттық аналогтардан бағасы едәуір арзан. Алғашқы өнім бүгін екі бірдей мүмкіндігі шектеулі жанға тарту етілді. Енді алдағы жылдары еліміздегі қоларбамен жүретін барлық кембағал жандар осындай отандық өнімге қол жеткізе алады.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Біз қазір әлеуметтік қызметтер порталын жасап жатырмыз. Ондағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы қоларбаны таңдау. Ал қазір тендер арқылы тапсырыс бергенде түрлі қоларбалар келіп жатады. Жалпы бізге жылына 2 мыңдай қоларба керек. Енді осында тапсырыс беретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы