385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА кәсіпкерлерінің жұмыс жоспары әлі күнге дейін дайын емес

  • 132
  • UPD: 21:47, 23.07.2019
ҚХА кәсіпкерлерінің жұмыс жоспары әлі күнге дейін дайын емес

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының жұмыс жоспары әлі күнге әзір емес.

Бүгін бірлестік төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев хатшылық отырысында осылай деп мәлімдеді. Жиынға қауымдастыққа мүше кәсіпкерлер ғана емес, уәкілетті орган өкілдері де қатысты. Жансейіт Түймебаев Ассамблеяның 27-сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген тапсырмаларды тағы бір пысықтады. Себебі шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты нығайту, шетелдік достар клубын құру, кәсіпкерлерді екіжақты іскерлік кеңес құрамына енгізу бағытында нақты шаралар әлі күнге қолға алынбай келеді.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Елбасы тапсырмаларына сіздердің назарларыңызды тағы бір мәрте аударғым келеді. 1 маусымға дейін қауымдастықтың шаралар жоспары әзірленуі қажет еді. Сондай-ақ мемлекеттік органдармен осы бағытта кеңестер өткізу міндет болатын. Қазір шілде айы аяқталып қалды. Бірде-бір тапсырма орындалған жоқ. Енді жұмысты жан-жақты жандандыруымыз керек. Әсіресе «қарапайым заттар экономикасына» ден қойған жөн. Ассамблеяға мүше кәсіпкерлер осы бағытта шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс істеп, елдің әлеуетін көтеруі қажет.

Хабар 24 телеарнасы