386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жаңа заманауи зауыт іске қосылды

  • 244
  • UPD: 22:30, 24.07.2019

Отандық және шетелдік инвесторлар бірлесе жүзеге асырған ферроқорытпа өндіріс ошағының салтанатты ашылуына Премьер-министр Асқар Мамин қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа зауыт ферросилиций өндірісі бойынша еліміздегі жетекші жоғары технологиялық кәсіпорынға айналмақ. Өнімдер барлық халықаралық сапа талаптарына сай. Ферросилицийдің негізгі көлемі Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ-пен Еуропалық Одақ елдеріне тасымалданады. Осылайша, ұлттық экономиканың дамуына серпін берілмек. Жобадағы қазақстандық үлес 90%-тен асады. Премьер-министр Асқар Мамин жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысып, металл құю процесін бақылады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Облыстың инвестициялық көлемі қарқынды өсіп келеді. Бірінші жарты жылдықта өнім өсім 72%-ті құрады. Тартылған барлық инвестициялардың 93%-і жеке инвесторлар, ал оның жартысы шетелдік инвесторлардың қаражаты екенін айтып өткен жөн. Жаңа 35 инвестициялық жоба іске асырылды, оның 17 і шет лдік инвестиция. Мұның барлығы отандық және шетелдік инвесторлар арасындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Құны 32 млрд теңге болатын жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Ферроқорытпа зауытының құрылысына әлемнің жетекші компаниялары атсалысты. Оған Швеция, Дания, Түркия, Қытай, Грузия, Ресей мен Қазақстаннан машина жасау және жоғары технологиялық өнеркәсіп саласының мамандары қатысады.

Ерлан Нығматулин, YDD Corporation құрылтайшысы:

- Осы ашылған жаңа ферросилициум зауыты біздің Қазақстанымыздың индустриясының жоғары деңгейінің көрсеткіші деп айтуға болады. Бұл елімізге инвестиция тарту жолындағы тағы да бір құтты қадам. Бүгінде өндіріс орында индустрия 4 бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес келетін ең озық инновациялық технологиялар қолданды. Сонымен қатар зауытта шығаратын өнімдер 100% экспортқа жіберілетін болады.

Сапар барысында Премьер-министр қорғасын-күміс кенін флотациялық әдіспен өңдеу және байыту кен орнына барды. Бұдан бөлек Үкімет басшысы Қарқаралы ауданында орналасқан «Алтай полиметаллы» ЖШС гінің жұмысымен танысты. 150 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында жылына 3 млн тонна мыс кені мен 100 мың тонна мыс концетраты өңделеді.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы