Сарапшылар жылжымайтын мүлікке инвестиция құюға ең қолайлы мемлекеттерді анықтады.
Тізімді құрастырғанда баспаналардың орташа бағасы, аймақтағы туризмнің дамуы мен қауіпсіздік деңгейі, құқықтық нормалар мен экономикалық тұрақтылық, тіпті климаттық жағдайлар да ескерілген. Нәтижесінде Сингапур тұрғын үй секторына қаржы құюға қолайлы мемлекет деп танылған. Бұл ел жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі бойынша әлемде төртінші орын алады. Ал инвестициялық тартымдылығы бойынша екінші орында Панама Республикасы. Мамандар Панаманың жері құнарлы деп бағалаған. Сондықтан ауылшаруашылығына қаржы құйған шетелдіктер мол табысқа кенеледі. Үштікті Малайзия түйіндейді. Мұндағы тұрғын үйлердің құны салыстырмалы түде өте төмен болып шыққан. Тізімге Түркия, Канада, Таиланд, Франция, Мексика және Австралия кірген.