385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2019 жылдың І жарты жылдығында мемлекеттік бюджетке 4 трлн теңге салық түсті

  • 295
2019 жылдың І жарты жылдығында мемлекеттік бюджетке 4 трлн теңге салық түсті Бизнес-Мир Казахстан

ҚР ҚМ МКК құзырындағы мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке 102,6%-ға, республикалық бюджетке 101%-ға және жергілікті бюджеттерге 107,5%-ға орындалды.

Бұл туралы бүгінгі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында белгілі болды. Алқа жұмысына аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары, ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік бюджетке 4 126,0 млрд теңге жоспар кезінде 108 млрд теңгеге асыра орындалып, нақты 4 234 млрд теңге түсті, оның ішінде:

- республикалық бюджетке жоспарланған 3 094 млрд теңге болса, 31 млрд теңгеге асыра орындала отырып, 3 124 млрд теңге түсті;

- жергілікті бюджетке 1 032 млрд теңге жоспармен 1 109 млрд теңге түсті, 77 млрд теңгеге асыра орындалды.

Сонымен қатар салықтық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджетке салықтар мен кедендік төлемдердің қосымша түсімдері бойынша жоспар 162%-ға орындалды.

Жоспар бойынша 213,5 млрд.теңге болып, нақты түсім 345,8 млрд теңгені құрады.

Жартыжылдық жоспарды орындау бойынша ең жақсы көрсеткіштерге Атырау (106,7%), Ақтөбе (105,6%) және Маңғыстау (104,9%) облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімділігі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артқанын атап өту қажет.

Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексерулердің тиімділігі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге артты.

Ақпарат  көзі: ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы