386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин елордада «Жас кәсіпкер» жобасының іске асу барысымен танысты

  • 204
  • UPD: 23:44, 26.07.2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы «Атамекен» қолдау орталығына барды. Қазір онда жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамтуға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.

Республика бойынша мұндай 9 орталық бар. Олар Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Жақын күндері өзге өңірлерде тағы 30 орталық ашу көзделген. Үкімет басшысы бұдан кейін қаладағы тегін цехына барды. Мұнда екі қолға бір күрек таппай жүргендер «Жас кәсіпкер» және «Бастау бизнес» әлеуметтік жобалары аясында өзіне қажет мамандықты тегін игеріп, кейін кәсібін ашуға мүмкіндік алады. Республика көлемінде жиын саны 500-ден аса оқу орталығы бар. Жыл соңына дейін олардың санын 1 мыңға жеткізу көзделген. Техникалық мамандықты игеріп жатқандарға ай сайын 19 мың теңге шәкіртақы төленеді. Ал кәсіп ашуға бекінгендерге 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі.

Хабар 24 телеарнасы