386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО тау-кен өндірісіне цифрлық технологиялар енгізуді күшейтпек

  • 181
  • UPD: 21:49, 28.07.2019

ЕАЭО тау-кен өндірісіне цифрлық технологиялар енгізуді күшейтеді.

Одаққа мүше елдер осы салада бірыңғай үкіметаралық стандарттар жасауға келісті. Минскіде өткен шарада тараптар техногендік кен орындары мен тау-кен өнеркәсібінің қауіпсіздік жүйесін талқылауға мүмкіндік беретін бірқатар құжатқа қол қойды.

Еуразиялық экономикалық одақта жаңа стандарттар пайда болады. Енді ортақ аймақтағы өндіріс пен қауіпсіздік компьютер арқылы бақыланып, тау-кен саласына цифрлық технологиялар кеңінен енгізіледі. Еуразия экономикалық одақ комиссия алқасы Мәскеудегі кездесуде осындай шешім қабылдады.

Олег Гайдукевич, Беларусь либералдық-демократиялық партиясының бірінші орынбасары:

– Бұл өте дұрыс қадам. Беларусь та, Қазақстан да заманауи ақпараттық технологиялар мен жоғары деңгейлі өндірістерге баса назар аударып отыр. Өйткені бұл біздің болашағымыз. Әлем өзгеруде. Егер осындай талаптарға сай келмейтін болсақ, бәсекеге түсу қиынға соғады. 

Мәскеудегі басқосуда тау-кен қорларын бағалау стандарттарын әзірлеу туралы да келіссөз өтті. Енді минералды заттарды өндіру ережелері барлық ЕАЭО елдері үшін бірдей болмақ. Ал соңғы ақпараттық технологиялардың көмегінсіз оны жүзеге асыру екіталай.

Олег Гайдукевич, Беларусь либералдық-демократиялық партиясының бірінші орынбасары:

– Біз Қазақстанның осы жобаға қатысуына мүдделіміз.  Жаңадан сайланған президент экономикалық одақтың одан әрі табысты болуы үшін барын салып, қолдау көрсетеді деп сенеміз.

Сарапшылардың айтуынша, мемлекетаралық одақ - бұл экономикалық интеграцияның жаңа деңгейі. Оның негізгі мақсаты - сауда, қаржы және салық саясатын арттыру. Ал Еуразиялық экономикалық одақ алдағы бірнеше жылда әлемнің сауда-экономикалық картасында лайықты орын алмақ.

Авторлары: Алексей Родионов и Владимир Струк

Хабар 24 телеарнасы