386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейліктерге Қазақстан аумағынан жанармайды көп мөлшерде әкетуге тыйым салынбақ

  • 137
  • UPD: 10:10, 29.07.2019

Жыл басынан бері Ресейде бензин бағасы 1,4%-ке қымбаттады. Үкімет жанармай бағасын реттеу мақсатында жаңа заң қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал әлеуметтік желілерде Қазақстандағы ресейлік компаниялардың жанармай құю бекеттерінде бензин Ресеймен салыстырғанда екі есе арзан деген видеолар көбейіп барады. Егер бұрын шекаралас аймақтардың тұрғындары бұл айырмашылықты үнемдеу үшін пайдаланса, енді оларға Қазақстан аумағынан жанармайды көп мөлшерде әкетуге тыйым салынады.

Жанармайдың құны - ресейліктер үшін ең өзекті тақырыптың бірі. 1 шілдеден бастап Үкімет пен мұнай компаниялары арасында бағаның құбылуын болдырмау туралы келісім жарамсыз болып қалды. Бір сөзбен айтқанда, енді жанармай нарығындағы жағдайға ешкім кепілдік бермейді. Сәйкесінше, бензин қымбаттайды. Алайда, ресейліктер шекаралас аймақтарда, әсіресе, Қазақстандағы жанармай бағасының төмендігін көрсетіп, ғаламаторда өздерінің мұндай шара қабылдануына қарсы екендіктерін білдіруде.

Ресей үкіметі жанармай бағасын есептеу механизмін өзгертуде. Қазір dump, netback, болжамды құн сынды күрделі терминдер жиі айтылады. Алайда одан баға арзандап жатқан жоқ. Ресейде де, Қазақстанда да оның құны тікелей салық жүктемесіне байланысты. Бірақ біздің елде бұл әлдеқайда төмен. Ресейде жанармайдың бөлшек саудадағы бағасының 70%-ы салық пен өндіріске және акциздер секілді шығындарға кетеді.

Григорий Баженов, Тәуелсіз жанармай одағы талдау орталығының басшысы:

- Ресейде қосымша құн салығы 20, ал Қазақстанда 12%-ті құрайды. Айырмашылығы едәуір. Бензинге салынатын акциздерді салыстырсақ, экологиялық бесінші санаттағы жанармайға ресейлік мұнай өндіруші әр литр үшін 9 рубльден төлейді. Қазақстанда литріне бір жарым рубль.

Ресейліктерді қазақстандық жанармай құны едәуір арзан болғаны таңғалдырғанымен, сарапшылардың пікірінше, бұл заңды экспорттық операция.

Аза Мигранян, ТМД елдері институты экономика бөлімінің басшысы:

- Қазақстанға жанармай Омбы мұнай өндіруші зауытында жасалынады. Мұны естен шығармау керек. Яғни екі аралық қашық емес.

Ресейдегі акциздердің келесі өсімі қазан айына жоспарланған. Ал сарапшылар жанармай бекеттеріндегі бағалар кем дегенде тағы бір жарым рубльге көтерілетінін жоққа шығармайды.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы