386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін 20 мың жас кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысатын болады

  • 153
  • UPD: 22:27, 29.07.2019

Жыл соңына дейін Қазақстанда 20 мың жас бизнес жүргізудің қыр-сырына қанығады. Елімізде «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды.

Соның аясында ел бойынша қазір 9 мыңнан астам адам білім алуға кірісті. Жобаға кімдер қатыса алады? Оларға қандай мүмкіндік бар? Әріптесім Талғатбек Әбдіқожадан білейік.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Жыл басынан бері БІР ғана Елордада 10 мыңға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелді. Оның 30 проценті 29 -ға толмаған жастар. Енді биылғы жастар жылы аясында екі қолға бір күрек таппай жүргендерді табысты кәсіпкерлер қатарына қосу үшін үкіметтен 32 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Түрлі жоба іске қосылды.

Осы жобалардың біріне қатысып біліктілігін жетілдіріп жүрген жастардың бірі Жақсылыққызы Аймөлдір. 3 баланың анасы. Бала күтіміне байланысты 2013 жылдан бері тұрақты жұмыс істемеген. Енді мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, жеке кәсіп ашпақ.

Аймөлдір Жақсылыққызы, «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушы:

- Группамызда көбісі аналар. Бізге өз ісімізді ашып, балаларымыздың болашағын қамтамасыз ету керек болып тұр. сол үшін ең бастысы өзімізге ұнаған ісімізді ашып, халыққа көмегімізді тигізсек дейміз. Бізге мемлекет ақша бөліп жатыр ғой. жақсы мүмкіндік деп айтар едім. Өзімнің мысалға керекті аппаратарымды алу үшін қаржы жеткіліксіз болғандықтан көбіміз аша алмаймыз. Сондықтан бізге берген мүмкіндік болғандықтан аппарат алуды және нысанды жалдау қолжетімді болайын деп тұр. 

"Жас кәсіпкер" жобасы аясында жыл соңына дейін Аймөлдір сынды 20 мың адам оқытылады. Алғашқы лек 26 шілдеде басталды. Ал екіншісі 14 тамызда басталады. Олар оқыту кезеңінде өз жобасын ортаға салады. Кемшін тұсын топ болып толықтырады. 

Ол үшін елімізде 200 оқу сыныбы жасақталып, ең үздік деген 200 бизнес тренер іріктелді. Қатысушылардың пейілі мен бейімін анықтау үшін псхолог мамандар да қарастырылған. 

Бауыржан Оразғалиев, ҚР ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және шағын қаржыландыру департаментінің директоры:

- Бұл жобаға қатысатын адамдар 18-29 аралығындағы жастар. Жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған азаматтар. Яғни тұрақты зейнетақы жарнасы жоқ азаматтар. Көп балалы отбасылар және көп балалы отбасылардың мешелері болуы мүмкін. Комиссия арқылы қаржы беруге жолдама береміз немесе комиссия арқылы грант беруге жолдама береміз. Одан бөлек біз өз бизнесін ашып, аяққа тұру үшін Қазақстан бойынша 192 кәсіпкерлікті қолдау орталықтары бар. 

Оқыту кезеңі 3-4 аптаға созылады. Толық аяқтағандарға сертификат пен 19 мың теңге көлемінде степендия беріледі. Бұдан бөлек өміршең жобасын ұсынып оны дәлелдеген қатысушыға 500 мың теңге қайтарымсыз грант ретінде беріледі. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы