386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге арналған 9 442 өтінім мақұлданды

  • 231
«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге арналған 9 442 өтінім мақұлданды

ҚР Ұлттық банкі назарларыңызға «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша 181,5 млрд теңге сомаға қарыз алуға 16 084 өтінім қабылданды. Оның ішінде 108,4 млрд теңге сомаға қарыз алуға 9 442 өтінім мақұлданды. Егер сізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымына тәулік бойы + 7 (727) 2272025 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Сонымен бірге сіздер ипотекалық ұйымның http://www.baspana72025.kz/ сілтемесі бойынша ресми интернет-ресурсындағы қосымша ақпаратпен де таныса аласыздар, деп жазады ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы