386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк: Жалған бес мың теңгеліктер көбейіп барады

  • 157
Ұлттық банк: Жалған бес мың теңгеліктер көбейіп барады

Айналымда жалған бес мың теңгелік купюралар көбейген.

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық банкі хабарлады. «Атап айтқанда, 2011 жылы шыққан 5 мыңдықтар қолдан жасалған», - дейді мамандар. Қазіргі уақытта Ұлттық банкке сараптамаға екінші деңгейлі банктерден 187 жалған банкнот келіп түскен. Бұл ақшаларды оларға инкассаторлар өткізеді. Себебі банкоматтар мен төлем терминалдары жалған ақшаларды қабылдамайды. Сарапшылардың айтуынша, жалған ақша Алматы мен Талдықорғанда көп кездеседі. Оларды компьютерлік техника мен арнайы қорғанысы бар қағазды пайдалану арқылы басып шығарады. Алаяқтар банкноттардағы ультракүлгін сәуле арқылы ғана көруге болатын жасырын бейнелерді де ұқсатуға тырысқан. «Алайда жалған ақшаны қолмен ұстап та айыруға болады», - дейді.

Асхат Әбішев, ҚР ҰБ қолма қол ақша айналымы департаментінің сарапшысы:

– Мәселен «Қазақ елі» монументі айналасын ұстап қарасаңыз, бедерді сезесіз. Бұл жалған ақшада білінбейді. Көзі нашар көретіндерге арналған шығыңқы белгілер арқылы да банкноттың жалған емес екенін аңғаруға болады. Түстері қанық болуы керек. Сондай-ақ банкнотты аударғанда барыстың қанаты бейнеленген. Spark деп аталатын бұл қорғаныс белгісі ақшаны аударғанда түсін өзгертеді. Биыл 2000 мың теңгеліктен 196, 10 мың теңгеліктен 206, 5 мың теңгелік банкноттан 187 жалған ақша анықталды.

Хабар 24 телеарнасы