386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық өндірушілердің машина жасау саласында бәсекеге қабілеттілігі төмен

  • 190
  • UPD: 15:29, 01.08.2019
Отандық өндірушілердің машина жасау саласында бәсекеге қабілеттілігі төмен

Машина жасау саласындағы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал зауыттардың көбін қайта жаңғырту керек. Импорт көлемін азайтып, жергілікті өзін өзі қамтуды дамыту маңызды. Сондай-ақ қажетті шикізаттарды өзімізде шығарған тиімдірек. Әйтпесе, шикізат тапшылығынан тоқтап тұрған зауыттар бар. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты. Министрлік саланы дамытудың жол картасын жасады. Бұл құжат іске асқан кезде 2024 жылға дейін өнім көлемі 2 есе өсіп, экспорт көлемі 1,2 есеге ұлғаяды деген жоспар бар. Жалпы осыдан 18 жыл бұрын машина жасау саласында өнім өндіру көлемі 46 млрд теңге болса, бүгінге 1 трлн теңгеге жеткен. Өткен жылы трансформатор жасау 21%, кабель өндірісі 80%-ке өскен. Зауыттар бұрыңғыдай қосалқы бөлшектер шығарып қана қоймай, вагондар, автобустар пен жеңіл көліктер құрастыра бастады.

Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Ағымдағы жылы 54 млрд теңге сомасын құрайтын 10 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жол картасында барлығы 11 бағытта белгіленген 57 іс-шара көзделген. Ол біздің кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар. Сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру. Техникалық реттеу шараларын жетілдіру, экономикалық ынталандыруды енгізу және тағы басқалары.

Хабар 24 телеарнасы