385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда инфляция деңгейі 2,8% құрады

  • 161
  • UPD: 16:01, 02.08.2019
Қазақстанда инфляция деңгейі 2,8% құрады economy.gov.kz

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы жеті айда (2019 жылғы шілде 2018 жылғы желтоқсанға) – 6%, азық-түлік емес тауарларына 2,4% жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,7% төмендеді.

Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитеті хабарлайды.

анға) бағаның өсуі сөкке – 43,9%, күрішке – 15,7%, ұнға – 15,4%, қой етіне – 11,1%, мұздатылған балыққа – 9,7%, нанға – 9%, жемістер мен көкөністерге – 8,9%, жылқы етіне – 8,8%, макарон өнімдеріне – 7,9%, сиыр етіне – 7,4%, құс етіне, шошқа етіне – 6,8%-дан, мәйекті ірімшікке – 6,2%, ет өнімдеріне – 5,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 5,2%, шұжық өнімдеріне – 4,4%, шайға – 4,3%, кондитерлік өнімдерге 3,7% белгіленді. Темекі өнімдері – 10%, салқындатылған сусындар – 8,9%, алкогольді ішімдіктер 5,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі қиярға – 56,2%, қызанаққа – 28,7%, қырыққабатқа – 14,5%, жұмыртқаға – 12,1%, шикі сүтке – 4,6%, құмшекерге – 2,7%, сүзбеге – 2,4%, қарақұмық жармасына 2% тіркелді»,- деп көрсетілген Статистика комитетінің хабарламасында.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 4,9%, автомобильдерге – 4,8%, құрылыс материалдарға – 4,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 3,8%, тоқыма бұйымдарына – 3,7%, тұрмыстық аспаптарға – 3,6%, киім және аяқ киімге – 3,5%, жеке қолданатын тауарларға – 3,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 3,2% құрады. Бензин – 4,6%, дизель отыны – 1,2%, баллондағы сұйытылған газ 0,9% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

 

Хабар 24 телеарнасы