385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жас отбасы ешкі сүтін өңдейтін цех ашты

  • 150
  • UPD: 12:16, 04.08.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы Қарауыл ауылында шағын бизнес қанатын кеңге жайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елді мекенде тұратын жас отбасы ешкі сүтін өңдейтін цех ашып, ірімшіктің түр-түрін саудалап отыр. Жас кәсіпкерлердің өз ісін ашуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, үш миллион теңге көлемінде грант берілген.

Ержан Қырқымбаевтың мамандығы инженер. Ұсақ мал өсіріп, ешкі сүтін өңдеу оның байырғы арманы еді. Өндіріс технологиясын меңгерген ол зайыбымен бірге осы кәсіпті дамытуды жөн санайды. Дегенмен, бастапқыда қаражат қолбайлау болған. Ал «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бұл мәселенің шешімі табылды. 

Ержан Қырқымбаев, кәсіпкер:

- Бұл шаруаны әрі қарай алып кететініме сенімді болдым. Бала күнімізден әжеміздің сүт қайнатып, ірімшік жасағанын көріп өскеннен кейін бұл бізге таңсық нәрсе емес. Сондықтан істеп кеткенімізге сенімді болдық. Бүгінгі таңда жоба бойынша 20 ешкі алуымыз керек. Қазір 10-15 ешкі алдық. Енді күзге қарай тағы алатын боламыз.

Мемлекеттен алынған субсидияға кәсіпкер сауынды ешкілер сатып алды. Қора соғып, ірімшіктің 15 түрін шығаратын арнайы жабдықпен қамтамасыз етілді. Өз кезегінде кәсіп ашуға ынталы ауыл жастарының қатары артып келеді. Өткен жылдың өзінде «Жастар жобасы» негізінде 1 миллион теңгеден астам грант үлестірілген.

Мейіржан Ысмағұлов, Қарауыл ауылының әкімі:

- Жас кәсіпкерлерге арналған «Атамекен» палатасының қолдауымен шағын несиелер берілуде. Ол жастардың кішігірім жобаларына шаш қию сияқты, сондай жоабаларға 250 мың теңгеден 12 бала грант ұтып алды.

Шағын және орта бизнесті дамытуға әрекеттенген жастар үшін Қарауылда баспана алынбақ. Бүгінде жас отбасыларға арналған 56 үйдің іргетасы қаланып қойған.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Әсем Өтешева, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы