386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік кәсіпкерлерін еліміздің аяқ киім өндірісі қызықтырады

  • 125
  • UPD: 10:18, 07.08.2019

Осы мақсатта олар қазақ еліне келіп, болашақ серіктестерімен кездеспек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлайды. Сала кәсіпкерлерінің айтуынша, елімізде аяқ киім өндірісін дамытуға толық мүмкіндік бар.

Жалпы, түрік елінде жергілікті аяқ киім өндірісі халықтың 100%-ін қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ олар шет елге экспорттау бойынша көш бастап тұр. 2018 жылдың өзінде түрік кәсіпкерлері 250 миллионға жуық аяқ киімді шет елге сатып, 888 миллион доллар табыс тапқан.

Хусейин Шалышкан, түрік кәсіпкері:

– Елімізде өңделмеген тері өнімдері өте қымбат. Алайда аяқ киім жасау өндірісі жақсы дамыған. Бұл тәжірибені Қазақстанда қолдансақ дейміз. Сонда аяқ киім фабрикасын ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша тасымалға кететін қаржы үнемделіп, аяқ киім бағасы екі есеге төмендейтін еді.

Хабар 24 телеарнасы