386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде анықталған 3 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

  • 131
Экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде анықталған 3 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Экономикалық қылмыстарды тергеу барысында анықталған 3 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды.

Бұл туралы Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті хабарлады. Биылғы алты айда 111 қылмыс тіркелген. Олардың көбі заңсыз ойын бизнесі және спирттік өнімдер мен акциздельмеген темекі өнімдеріне қатысты. Көлеңкелі бизнесті тексеру барысында 500-ден аса ойын терминалы, 15 ірі ойын залы және 1 астыртын жұмыс істейтін ойынхана анықталған.  Сондай-ақ, заңсыз жолмен спирттік өнім шығарып келген цехтың жұмысы әшкереленіп, жедел іс-шара нәтижесінде акциздік маркасы жоқ 45 мың қорап темекі өнімі тәркіленді. Мемлекет қаржысын жымқырғандардың қатарында «АлматыМетроҚұрылыс» акционерлік қоғамының басшылары да бар.

Дәулет Ақылбеков,  қалалық экономикалық тергеу департаментінің басшысы:

 -Мәселен, Алматықұрылыс акционерлік қоғамы басшылары, Өкшебаев және Сембиев азаматтар 350 миллион теңге салықтан жалтару айғағы бойынша, қозғалған қылмыстық іс аяқталған болатын. Неге десеңіздер, Өкшебаев пен Сембиев 350 млн. теңгегені мемлекетке зиян келтіргені үшін толығымен бюджетке өндіріліп, қылмыстық іс тергеумен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы