386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Қазақстаннан бидай сатып алуға мәжбүр

  • 104
Иран Қазақстаннан бидай сатып алуға мәжбүр

Иран фермерлерін ауа райының қолайсыздығы тығырыққа тіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Климаттың өзгеруі егіннің бітік шығуына кері әсерін тигізуде. Сондықтан Тегеран ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан бидай сатып алуға мәжбүр. Иран мен Қазақстан бидай өнімдерін жеткізу ісін қалай жүзеге асырып отыр.

Ауыл шаруашылығы Иран экономикасының басты тірегі саналады. Алайда құрғақшылық, қатты жел мен жер сілкінісі сияқты табиғат апаттарынан көп зардап шегеді. Сондықтан дәнді дақылдарды өзге елдерден сатып алуға мәжбүр. Қазір Иран шетелдерден астықтың 7 түрін тасымалдайды.

Мохаммад Вантапур, экономист:

– Қазіргі таңда біздің елдегі астық тапшылығы Қазақстан есебінен шешіліп отыр. Бұл елден келетін бидайдың сапасы жоғары. Қазақ елінен жүгеріні де сатып аламыз. Оған сұраныс жоғары. Соңғы жылдары сояға да тапсырыс ұлғайған. Жалпы Иран астықпен өзін қамтамасыз етуге қауқарлы. Бірақ ауа райының қолайсыздығы кері әсерін тигізіп келеді.

Қазір Иран климаттың өзгеруіне ғылыми тұрғыдан қарсы тұру жолдарын іздестіріп әлек. Келер жылдан бастап ғалымдар ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды жоспарлап отыр. Зертханаларда нано-тыңайтқыштар әзірленуде. Мамандар олар астықтың шығымдылығын арттырады дейді.

Мохаммад Хоссейн Ансарифард, Иран ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі:

– Біз ауыл шаруашылығында нано-қоспаларды кеңінен пайдалануды қолға алып жатырмыз. Бұл технологияны қолданудан өсімдіктердің климаттық өзгерістерге төзімділігі артады. Оларды суғару барысында су аз қолданылады. Қазақстандық әріптестермен тығыз байланыс орнатып, ауыл шаруашылығында нанотехнологияны пайдалануға көмектесе аламыз деп ойлаймын.

Биыл ақпан айында Қазақстан мен Иран ұзақ уақыт үзілістен кейін астық жеткізу туралы келісімге қол қойды. Қазақстандық өнімнің 1 миллионға жуығы қайта өңделіп, үшінші елдерге экспортталмақшы. Ал экономистердің есебі бойынша Иранның ішкі нарығына 12 миллион тонна астық қажет екен.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша және Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы