386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бизнестің жол картасы 2020»: Павлодар облысында жобалар саны рекордтық көрсеткішке жетті

  • 131
«Бизнестің жол картасы 2020»: Павлодар облысында жобалар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Ертіс өңірінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мақұлданған жобалар саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге 2,7 млрд теңге бөлініп, 199 жоба мақұлданды. Бұл жоспардан 7%-ке артық. Нәтижесінде облыс көшбасшы орынға шықты. Мысал келтірсек, Қостанай облысында 111, ал Маңғыстау облысында 87 жаңа жоба жүзеге асырылады. Шағын және бизнес нысандары салықтық түсімдердің төрттен бір бөлігін қалыптастырады. Айта кетейік, облыста бағдарлама аясындағы қайтарымсыз гранттар жоғары сұранысқа ие. Сондықтан мемлекет бюджетінен қосымша 40 млн теңге бөлінді. Бүгінде грант алуға ниетті азаматтардың саны 150-ден асқан. Қолдаудың бұл құралы аясында облыста бұрын-соңды болмаған шағын өндірістер пайда болды. Мәселен, Валерия Наркизова шала туған нәрестелерге арналған киім-кешек тіге бастады. Кәсіпкер үш айдың ішінде 1500 дана киімнің тапсырысын алып, орындаған. Гранттардың көмегімен облыста балаларға арналған экологиялық таза ойнышықтар да шығарыла бастады. Өндірістік көлемге жетпесе де, жеке тапсырыстарды орындайтын жағдайға жетті. Алдағы уақытта жас бизнесмендер мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, істерін кеңейтуге ниетті.

Айдос Сәкенов, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы  басшысының орынбасары:

– Жобалар бойынша мониторинг үш жыл өткен соң жүргізіледі. Сол кезде өндірілген өнімнің көлемі, салықтық түсімдерді нақты білетін боламыз. Бүгіннің өзінде жобалар жемісін беруде. Жаңа жұмыс орындары ашылып, қолдаудың арқасында шағын бизнес нысандарының саны екі мыңға көбейді. Республика бойынша субсидиялауға бөлінген 1 теңгеге 4,5 теңгенің инвестициясы келеді. Ал облыс бойынша көрсеткіш – 3,5 (үш жарым)-4 теңге.

Хабар 24 телеарнасы