386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында көлеңкелі айналымдағы қаржы көлемі 240 млрд теңгеге жеткен

  • 132
  • UPD: 23:16, 08.08.2019
Алматы облысында көлеңкелі айналымдағы қаржы көлемі 240 млрд теңгеге жеткен

Алматы облысында өткен жарты жылдықта көлеңкелі айналымдағы қаржы көлемі 240 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы кәсіпкерлер көбіне тауар импорттау, темекі мен спирттік ішімдіктер және мұнай өнімдері нарығындағы табыстарын жасырып қалғысы келеді екен. Қызмет көрсету саласында да осындай заң бұзушылықтар көп. Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері импорттық тауарлардың бағасы әдейі төмендетілетінін де анықтаған. Осы бағытта 1,5 млрд теңгеден астам қаржы өндірілген. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында құндыз ішік, дәрі-дәрмек, темекі, ұялы телефон секілді бірқатар контрабандалық тауардың жолы кесілген. 

Айдын Сауданбеков, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

– Атап айтқанда, салық төлеушілердің он еселеп салықтарын жасырғаны анықталып жатыр. Қолымыз жетіп жатқан себеп комитетіміздің бізге ақпараттық жүйелерді енгізіп, әкімшілендіру жүргізуге қолайлы жағдай жасап беруіне байланысты. Мұның бәрі болашақта көлеңкелі экономиканың төмендетілуіне бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы