386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО ет экспортының жоспарын жыл басынан бері тек 10% орындады

  • 112
  • UPD: 08:49, 09.08.2019

Шығыс Қазақстан облысы осы жылы 2 мың тонна ет экспорттауы тиіс болатын. Алайда  бүгінге дейін бұл көрсеткіштің 10 проценті ғана орындалды.

Яғни сыртқа 198 тонна ет өнімдері ғана жіберілген. Ол негізінен консерві мен шұжық. Ал малдың етін жібере алмай  отыр. Себебі аймақтағы қара малға аусылға қарсы егілетін міндетті вакцина халықаралық талапқа сай келмейді. Бұл талапты Ресеймен қатар басқа мемлекеттер де қойып отыр. Егер малға осы екпе егілгенде ет экспортын еселеуге болады. Дегенмен, тығырықтан шығу үшін Өскеменде халықаралық стандарт бойынша зерттеу жүргізетін зартхана салынып жатыр. Ол ашылған соң өңірдегі шаруалар етті негізінен көрші Қытай еліне жөнелтпек. Ал зертхана 2020 жылдың басында іске қосылмақ.

Ертай Қуанбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Зертхананың бүгінгі күні толық құрылысы біткен. Алдағы уақытта республикалық деңгейде акридеттеуден өту керек.Өткен жағдайда Қытай еліне тек қана Шығыс Қазақстан облысы емес, бүкіл Қазақстан елі онымен қатар Ресей елінің көршілес шекралас облыстары осы зертхана арқылы еттерін зертетуден өткізіп, Қытайға экспорттауды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы