385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр бойылықтар сыртқа төрт түлік сатуды ұлғайтты

  • 133
  • UPD: 07:37, 09.08.2019
Сыр бойылықтар сыртқа төрт түлік сатуды ұлғайтты

Қызылорда облысында ет комбинаты жоқ. Сондықтан шетелге ет экспорттау көрші өңірлердегі кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ төрт түлікті сырт елдерге тірілей сату ісі қарқын алып отыр. Мәселен, өткен жылы 100 бас мүйізді ірі қара мен 280 бас түйе Өзбекстанға, 817 бас қой Иранға экспортталған. Биыл да 300 бас сиыр, 59 бас түйе мен 1600 қой шетелге сатылған. Алдағы уақытта ет өнімдерінің экспортын жүйелі жолға қою үшін аймақта қуаттылығы жылына 5 мың тоннаны құрайтын комбинат салынуда. Көбіне ет өнімдеріне сұраныс Түркия, Араб Әмірлігі, Қытай, Ресей және Иран мемлекеттерінен келіп түседі екен. Экспорт ауқымының артуы және жанармай мен жем-шөптің қымбаттауы тамыз айында да ет бағасына әсерін тигізді дейді мамандар.

Арыстанбек Омаров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Малдың жейтін шөбі, оның жемі бәрі осы жанар-жағар майдың арқасында тасымалданады, айналып келгенде соған тіреледі. Оның үстіне қазір экспортқа ет жіберіп жатқаннан кейін іштегі нарыққа да сыртқа кететіні кәдімгідей әсер етіп отыр. Алайда біз оған қарап отырған жоқпыз, біздің облыстың өзінде бірнеше магазиндер бар, әлеуметтік магазиндер, ол жерде көтеріліп жатқан жоқ. 1400-1450ден сиырдың еттері, қойдың еті де сондай бағада сатылып отыр. Ал жалпы нарықта енді 1600-1700-ге кетіп қалып отыр ғой.

Хабар 24 телеарнасы