386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ет өндіру артты

  • 116
  • UPD: 11:41, 09.08.2019
Елімізде ет өндіру артты

Соңғы жылдары елімізде ет өндірісі артты. Мәселен, ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, сиыр етінің өндірісі 477 мың тоннаға жеткен.

Бұл елдегі ішкі қажеттіліктің 98 процентін өтейді. Ал қой етінің өндірісі 150 мың тоннаның шамасында. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, өндірілген сиыр етінің 20 мың тоннасы шетелдерге тасымалданған. Сондай-ақ 3 мың тонна қой еті экспортталған. Жалпы еліміз отандық өнімдерді саудалайтын шетелдік нарықтарды кеңейту мәселесін де қолға алды. Қазіргі таңда қазақстандық ет өнімдері негізінен Қытай, Иран, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері жәні Еуроодақ елдеріне тасымалданады. Жауапты министрлік өкілдері алдағы уақытта сиыр және қой етінің экспортын 30 процентке арттыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы