385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк валюта айырбастау тәртібіндегі өзгерістерді қайта қарамақ

  • 133
  • UPD: 20:02, 09.08.2019
Ұлттық банк валюта айырбастау тәртібіндегі өзгерістерді қайта қарамақ

Ұлттық банк шетел валюталарын қолма-қол айырбастау жөніндегі қаулы жобасын талқылауға әзір, деді бүгін журналистерге берген сұқбатында банктің төлем балансы департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов.

Бұл құжатта айырбастау бөлімшелеріне қойылып отырған талаптың бірі – әр адамның жеке мәліметтерінің болуы. Яғни жоба бойынша азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ИНН), аты-жөні, мекенжайы тіркелуі қажет. Енді ақша айырбастағанда, бұл мәліметтер қажет болады. Мұндай тәжірибе әлемнің барлық елдерінде бар. Бұл заңсыз ақша айналымымен күрес және лаңкестердерді қаржыландыруға тосқауыл қою үшін қолға алынған шара болмақ. 

Нұрлан Әбдірахманов, ҚР Ұлттық банкі департаментінің директоры:

– Әрине айырбастау пунктері барлық қаржы ұйымдары секілді азаматтардың жеке басын куәландыратын мәліметтерге қарап, өздерінің қауіпсіздігі үшін тексеру шараларын жүргізе алады. Ал әуежайлар мен темір жол вокзалдары секілді халық көп келіп жататын орындарда, яғни елге келген туристерге ыңғайлы болу үшін ақша айырбастау бөлімшелерінің жұмыс уақытын созу жөніндегі ұсыныстарды Ұлттық банк қайта қарауға дайын.

Хабар 24 телеарнасы