385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда бизнес ортаны кеңейту жайы талқыланды

  • 184
Оралда бизнес ортаны кеңейту жайы талқыланды

Оралда Қазақстанның барлық даму институттарын біріктіретін «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес компанияларының өкілдері аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.

Мақсат – бизнес ортаны кеңейту, жүзеге асатын жобаларға жан-жақты қолдау көрсету. Басқосу барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Холдингтің қолдауы әсіресе мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобаларға қажет. Мәселен, Қазақстан Даму банкі арқылы облыста 59 млрд теңгеге жеңілдетілген несиелер берілген. Соңғы 3 жылда пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 298 жоба мақұлданды. Евро-5 бензинін шығаратын компания мұнай өнімдерін өңдеу қуаттылығын жаңғырту жобасын қолға алды. Сонымен бірге дайын өнімнің 95 проценті шетелге экспортталатын панельдік трансформатор өндірісі жолға қойылмақ. 

Ақжол Сауранбаев, трансформатор зауытының атқарушы директоры:

– Бізге тиімді тұстары – тауарды сақтандыру және экспорт алдындағы тауарларға көрсетілетін қолдау. Және де жаңадан сатып алынатын технологиялық құралдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін гранттар және субсидиялар.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Жылдың аяғына дейін біз жаңа инвестициялық жобаларды анықтап, мына даму институттарының бірінші қолдауларын алғымыз келеді. Егер сондай жобаларымыз болса әрине біздің өнеркәсібімізге үлкен серпін беретін жұмыс. Кішкентай жобаларды айтатын болсақ, ол даму қоры арқылы 300-ден астам жобалар қолдау алды. Бірақ осы жерде біздің әлеуетіміз әлі де бар, оны да жалғастыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы