386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ашық аудит жүйесін құру қажет - мамандар

  • 112
  • UPD: 15:17, 13.08.2019
Елімізде ашық аудит жүйесін құру қажет - мамандар

Соңғы үш-төрт жылда 300 миллиардқа жуық қаржы жүйесіз жұмсалған.

Бұл туралы бүгін ішкі аудиторлардың ұлттық конференциясында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымды шараға халықаралық ішкі аудит саласының майталмандары жиналды. Мамандар жалпы осы саладағы қордаланған мәселелерді талқылап, ашық аудит жүйесін құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ олар ревизиялық тексерулер барысында жемқорлыққа жол берілетіндігін де жасырмады. Мұндай «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол бермес үшін этикалық әдептілікті қалыптастыру маңызды» деп отыр. Әрі сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру керектігі де тілге тиек етілді. Жалпы қазір елімізде мемлекеттік аудиторларды арнайы дайындай бастаған.

Арман Бектұрова, ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры:

Арнайы мемлекеттік аудиторлардлы дайындадық. Арнайы заңнаманы дайындадық. Тәуекелдерді басқару жүйесі қалыптасты. Аудиттің әртүріне сәйкес құқықтық құжаттары бар. Арнайы мамандарды оқытып, тәуекелдерді дер кезінде айқындап, қаржылық құқықбұзушылықтарды айқындау - біздің басты мақсатымыз.

Хабар 24 телеарнасы