385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңір бюджет қаржысын толық игермеген

  • 88
  • UPD: 22:46, 13.08.2019

Жыл басынан бері еліміздің ішкі өнімі 4,2 процентке жетті. Бұл ақпарат Үкімет отырысында айтылды. Өсім әсіресе құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларында едәуір.

Ауыл шаруашылығында да ілгерілеу бар. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі бір демде 61,4 процентке ұлғайған. Сауда-саттық та қызып тұр. Бірақ қордаланған түйткіл де көп. Айталық, бірқатар өңір бюджет қаражатын толық игермеген. Жауапты тұлғалардың дені мұны мердігерлердің тапсырысты уақытылы орындамауымен байланыстырды. Енді бірі құжат рәсімдеумен айналып қалған. Премьер-министр бұл проблемаларды шешуге 1 ай уақыт берді. Дәтке қуат болары, елімізде инфляция деңгейі қалыпты. Ұлттық экономика министрінің айтуынша оның мөлшері 5,4 процент шамасында. 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі: 

- Инфляция деңгейі жылдық мәнінде 5,4 пайызды құрады. Бұл инфляция дәлізінің 4-6 пайызының шегінде. Инвестициялар серпіні Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан озық. Оның өсімі 11,3 пайыз. Инвестициялар ауыл шаруашылығында, құрылыста, саудада және өнеркәсіпте өскен.

Әуелде құрылыс қарқыны күшті дедік. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, Қызылордада бұл қарқын 275 проценттен, ал Қарағанды облысында 193 проценттен асқан. Үштікте Атырау өңірі де бар.    

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Республика бойынша барлығы 55 849 баспана пайдалануға берілді. Тұрғын үйді тапсыру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 7 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйді тапсыру бойынша көш бастағандар: Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстары. Тұрғын үйді тапсыру қарқыны бойынша төмен көрсеткіштер Маңғыстау облысында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады. Жылдық жоспарға (105,0%) қол жеткізу үшін осы өңірлерде жұмысты жандандыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы