386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық рақымшылығы туралы заң күшіне енді

  • 111
  • UPD: 21:42, 13.08.2019

Жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық туралы заң күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдардан құтылады. Рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, елімізде 1 миллион 400 мың азамат салық органдарына 14 млрд теңге қарыз. Өсімпұл көлемі - 6,5 млрд теңге. Рақымшылық арқылы дәл осы сома кешіріледі. 

Марат Сұлтанғазиев, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы:

- Заңды тұлғаларға келер болсақ, шағын және орта бизнестің 90 мыңнан астам нысанында салық берешегі бар. Қазір соның 46 пайызы негізгі берешегін өтеді. 18 мың нысанның салық берешегін қайтаруы күмәнді болып отыр. Себебі олардың көбі банкротқа ұшыраған.

Хабар 24 телеарнасы