386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысы сиыр етін Қытайға экспорттап жатыр

  • 114
  • UPD: 10:24, 14.08.2019
Ақтөбе облысы сиыр етін Қытайға экспорттап жатыр

Ақтөбе облысы Қытайға сиыр етін экспорттай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін жасалған келісімшартқа сәйкес, алғашқы 20 тонна сүйексіз ет аспан асты еліне жөнелтілді. «Халал» халықаралық стандартына сәйкес келетін өнімге «Ченду Хаюнда импорт экспорт» компаниясы қызығушылық танытқан. Қытайлық мамандар Алға ет өңдеу кешенінде 10 күн болып, мұнда дайындалатын тауар түрлерінің жоғарғы сапалылығына көз жеткізген. Бұл ауқымды жоба еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Аграрлық несие корпорациясының» көмегімен жүзеге асты. Жыл соңына дейін 4 мың тонна сиыр етін экспорттау жоспарда бар. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық компаниялар үшін Қытай нарығы жабық болған еді. Енді ел бойынша 4 кәсіпорын ет жөнелту мүмкіндігіне ие болған.

Вахтанги Джиджиешвили, компания директоры:

– Келісімшарт 1000 тонна өнімге жасалды. Бүгін алғашқы бөлігін жіберіп отырмыз. Ол 20 тоннаны құрайды. Қытайға барған соң да тауар тексеріледі. Сұраныс жағдайы қаралады. Біз еттің өніміне, сапасына сенімдіміз. Таза халал стандартына сәйкес келеді. Қытайлық тұтынушыларға ұнайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы