386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіледі

  • 85
  • UPD: 21:47, 14.08.2019
Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіледі

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көп. Қазір «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бірқатар жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, бағдарламаға республикалық бюджеттен 600 млрд теңге қарастырылған. Оның 200 млрд теңгесі аграрлық секторға бағытталған. Қалған 400 млрд теңге өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласына бөлінген. Бұл қаржы еліміздегі екінші деңгейлі 9 банкке таратылды. Олар шағын және орта бизнес өкілдеріне 15%-пен несие береді. Оның 9%-ін «Даму» қоры субсидиялайды. Жалпы осы бағдарлама арқылы 2025 жылға дейін елімізде 16 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Бейсен Жолболдиев, қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Бұл бағдарлама жалпы талап етілетін қаражатты көптеген банктер 30%-ке дейін береді. Бұл бағдарлама бойынша 50%-ке дейін беріледі. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі, бастапқы кезде банктерден кәсіпкерлер алатын сомасы шексіз. Осы 600 млрд көлемінде кім қанша кредит алады, осында қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы