387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Даму» қорына жүгінген кәсіпкерлер енді субсидиялау жөніндегі келісімшартты үйде де жасай алады

  • 183
  • UPD: 13:36, 17.08.2019

«Даму» қорының қолдауына жүгінген кәсіпкерлер енді өз үйінде немесе жұмыста отырып-ақ, субсидиялау жөніндегі келісімшарт жасай алады.

Бұған отандық «Documentolog» компаниясының сервисі арқылы қол жеткізу мүмкін болып отыр. Енді келісімшарт құжаттары қағаз жүзінде емес, электрондық жүйеде жасалады.

Кәсіпкер субсиядия алу үшін банкпен келісімшарт жасап, кейін «Даму» қорына бару керек. Бұған дейін құжаттарды қағаз жүзінде толтырғанда кемшіліктер болған. Сондықтан кәсіпкер келісімшартты қайта қарау үшін банке баруға мәжбүр еді. Бұл жұмыс тіпті 1 айға созылатын. Енді «Даму» қоры «Документолог» компаниясымен әріптестік негізінде келісімшарттарды рәсімдеуді электрондық жүйеге ауыстырды.  

Сәуле Әбішева, «Даму» қоры департаментінің директоры:

– Бүгінгі таңда 16 келісімшарт жасалды. Мысалы, біз негізгі әріптес банкпен субсидиялау жөнінде келісімшартқа қол қойғанда оған небәрі 40 минут уақыт кетті. Жалпы жылына орта есеппен субсиядиялау бойынша мыңнан астам келісімшарт жасаймыз. Ал бұл электрондық жүйеден жақсы нәтиже күтеміз.

Соның нәтижесінде кәсіпкерлер үйінде не жұмысында отырып ақ келісімшарт жасап, субсиядияға қол жеткізе алады.  

Айтмұхамед Жақып, «Даму» қорының бизнес-технологиялар департаменті директоры:

– Кәсіпкерлер үшін ең алдымен ғаламтор мен электронды қолтаңба керек. Содан кейін ол қазақстандық «ДОК-2» электрондық құжаттарды алмасудың орталық сервисіне тіркелуі қажет. Сөйтіп қажетті нұсқамалармен танысып субсидиялау жөніндегі келісімшартқа электронды қолтаңбасын қоя алады.

Келісімшартты электрондық жүйеде жасаудың артықшылығы көп. Ол ең алдымен уақытты үнемдеп, поштаға кететін шығынды қысқартады. Қазіргі кезде «ДОК-2» сервисінде 5 мыңнан артық компания тіркелген. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы