387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Əлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерi қымбаттады – министр

  • 274
Əлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерi қымбаттады – министр 7kun.kz

Осы жылдың басынан бастап инфляция деңгейi 4-6% шегінде сақталып отыр.

Бұл туралы Үкiмет отырысында ұлттық экономика министрi Руслан Дəленов мəлiм еттi деп хабарлайды Елорда Инфо .

«Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты, ал 2018 жылдың шілдесінде ол 5,9% құраған. Инфляцияның өсуіне негiзiнен азық-түлік тауарлары әсер етiп отыр. Олардың инфляция өсіміне қосқан салымы 3,4 проценттi құрады. Осы тауарлар бағалар өсуінің шамамен 63% құрады», – дедi министр.

Үкiмет отырысында ол бағасы қымбаттаған азық-түліктiң жартысы әлеуметтік маңызға ие екенiн қозғап ɵттi.

«Ең жоғары өсу Нұр-Сұлтан (15,1%), Жезқазған (11,8%) және Талдықорған (10,4%) қалаларында байқалады. Мəселен, елордада сәбіз (2,4 есе), пияз (85,5%), картоп (82,4%), күріш (21,6%) және ұн (20,8%) айтарлықтай қымбаттаған», – дедi Руслан Дəленов.

Жалпы, республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының арасында мынадай өнімдерде бағалардың ең көп өсуі байқалады:

− пияз – 79,0%;

− сәбіз – 59,3%; 

− картоп – 32,9%; 

− күріш – 23,8%; 

− бірінші сұрыпты ұн – 15,3%.

Тауарлар бағаларының қалыптасуына талдау жүргізілді. Түпкілікті тұтынушы үшін баға өндірушілердің немесе импорттық бағалардан едәуір жоғары.

«Мысалға алайық, сәбіз өндірушінің бағасы 67 теңге болса, нарықтағы сату бағасы 151 теңгені құрайды. Үстеме баға 84 теңгені құрайды. Біз биыл инфляцияны ұстап қалу үшін 10 тауарды анықтадық. Олар: пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, жылқы еті, қой еті, сиыр еті және нан», – дейдi ұлттық экономика министрi Руслан Дəленов.

Тауарлардың осы түрлерi бойынша күшейтілген бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың бағаларын төмендету бойынша шаралар қабылдау ұсынылып отыр.

Министрдiң айтуынша, барлық өңірде аталған тауарларға бағалар өскен. Бағалардың ең жоғары өсуі пиязға (2,2 есе) Алматы қаласында, сәбіз (2,5 есе) және картопқа (94,1%) Нұр-Сұлтан қаласында, қызылшаға (54,3%) Батыс Қазақстан облысында, күрішке (35,8%) Қызылорда облысында тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы