387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық тауарлар сатылатын жерге арнайы белгі қойылатын болады

  • 312
Отандық тауарлар сатылатын жерге арнайы белгі қойылатын болады

Бақыт Сұлтанов Үкiмет отырысында əлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын ұстап тұру шараларын түсiндiрiп бердi, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу және олардың өсу себептерін кезең-кезеңмен жою мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп және жергілікті атқарушы органдармен кешенді жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 2 сәуірдегі бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу заңын іске асыру үшін тиiсiнше заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді. Біз олардың ішінде бағаларды тұрақтандыру және тежеу бойынша жаңа шарттарын белгiледiк. 16 тамыз күнi Ішкі сауда ережесіне өзгерістер күшіне енді», – дедi Бақыт Сұлтанов.

Министрдiң айтуынша, бағаларды ұстап тұру мақсатында отандық өндірушілерге барлық сауда орнында өздерінің тауарларын орналастыруға мүмкіндік беріледі.

Ол үшін ішкі сауда субъектілерінің отандық азық-түлік тауарлары үшін кемінде 30% сауда алаңын ұсыну міндеті көзделді.

Халықтың ыңғайы үшін отандық өндірушілердің тауарларын орналастыру орындарына «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгімен белгіленетін болады.

«Өңірлердің әкімдеріне отандық тауар өндірушілердің сауда орындарындағы сөрелерге еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды ең ыңғайлы немесе саудада айтылатындай, «алтын» сөрелерге орналастыру бойынша жұмыс істеу қажет», – дедi сауда жəне интеграция министрi.

Айта кетейiк, алтын сөре – тауарларды сауда объектілерінде 1,2 м-ден 1,7 м биіктікке дейін оңтайлы орналасқан сөре.

Хабар 24 телеарнасы