387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 10 негізгі тауардың бағасы қатаң бақылауға алынбақ

  • 280
Елімізде 10 негізгі тауардың бағасы қатаң бақылауға алынбақ

Елімізде азық-түлік бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар 19 өнім бойынша айтарлықтай қамбатшылық байқалған. Бұл жөнінде Үкімет үйінде өткен брифингте белгілі болды. Өсім көлемі шамамен 9 процентті құрайды. Бірақ әр өңірде көрсеткіш әрқалай. Мәселен, азық-түлік бағасы еліміз бойынша елордада ең жоғары болса, Көкшетауда, керісінше, ең төмен. Осыған байланысты енді құзырлы министрлік 10 негізгі тауардың бағасын қатаң бақылауға алмақ. Оның ішінде сиыр еті, қой еті, картоп, пияз, ұн және нан бар.

Хабар 24 телеарнасы