386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» ХҚО алаңында «жасыл құнды қағаздар» шығарылмақ

  • 141
  • UPD: 15:57, 20.08.2019

Жасыл экономиканы қолдау мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында «жасыл облигациялар» шығару ісі қолға алынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет отырысында орталық басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Құнды қағаздардың бұл түрі инфрақұрылымдық, инновациялық және экологиялық тиімді жобаларға бағытталады. Осыған байланысты «Астана» халықаралық қаржы орталығында арнайы кеңес құрылды. Оның құрамына Еуразиялық қайта құру және даму банкінің және Қытайдағы Цинхуа университетінің сарапшылары кірді. Қазір орталық алғашқы «жасыл облигацияларды» дайындау ережелерін құрастыруда. Сонымен қатар Қайрат Келімбетов инвестициялық салық резиденттігін енгізу мәселесіне тоқталды. Резиденттік бағдарлама еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, біздің жобаларға шетелдік компанияларды қаржы құюына сеп болады. Отырысқа қатысқан ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов инвестициялық салық резиденттігінің негізгі екі бағытын атады.

Берік Шолпанқұлов, ҚР қаржы вице-министрі:

– Бірінші түрі – инвестицияларға айырбас ретінде елімізде тұруға ықтиярхат беретін АҚШ, Канада, Латвия мен Греция секілді елдерде іске асырылып жатқан бағдарламалар. Бағдарламаның екінші түрімен елдің инвестициялық визасымен салықтық резиденттігін алу ұйғарылады.

Хабар 24 телеарнасы