387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан сарапшылары өзара әріптестіктің жаңа жолдарын қарастырды

  • 125
  • UPD: 14:11, 22.08.2019

Қазақстанның Өзбекстандағы елшігінің ұйымдастыруымен қос елдің сарапшылары Ташкентте бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда қауымдастық өкілдері бауырлас елдердің саяси және экономикалық даму мәселелерін талқылады. Өзбекстан жалпы Қазақстанның аймақтағы стратегиялық серіктесі. Әрі бауырмалдығы тағы бар.

«Екі ел басшысының іскерлік байланысы өзара тауар айналымының едәуір өсуіне негіз болып отыр», - деді елші. «Қазақстан мен Өзбекстан: ынтымақтастық көкжиегі» деп аталған халықаралық дөңгелек үстөл басында сарапшылар экономикаға тың серпін беретін өзара әріптестіктің жаңа жолдарын қарастырды.

Атап айтар болсақ, энергетика саласындағы баламалы қуат көздерін өндіру, тоқыма және фармацептика кластерін дамыту мен ақпараттық цифрландыру мәселелері көбірек сөз болды. Бұл ретте Орталық Азияда Қазақстанның ақпараттық өрісі басқа елдермен салыстырғанда қарқынды дамып келеді. Қазақстандық мамандар өзбекстандықтармен ақпарат айдынындағы және жалпы жетістіктерімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді.

Бахтиёр Эргашев, «MA'NO» зерттеу бастамалары орталығының басшысы:

- Қазақстан үшін Өзбекстан мен өзбек нарығы тартымды болары анық. Сонымен бірге өзбекстандықтар да Қазақстан нарығындағы жағдайды бағамдай алады. Бұл ортақ кластер құруға негіз болады. Біздің бүгінгі қатысушыларымыз мұны әр түрлі атайды. Бірі тізбек десе, енді бірі екі жақты фармацевтикалық кластер деп атап отыр. Оған болашақта басқа елдердің де қосылуы мүмкін. Бұл шын мәнінде жаңа бағыт. Мұндай бағыт бұрын болған емес. Осыны дұрыстап қолға алу керек.

Асқар Нұрша, Алматы менеджмент университеті мемлекеттік саясат және құқық жоғары мектебінің деканы:

- Әу бастан белгілісі, біздің ел әрдайым тың идеяларымын ерекшеленеді. Бірақ аймақ жиі назардан тыс қалып қойып жатады. Кейде тіпті екінші орынға қойылады. Сондықтан екеуінің орнын ауыстырып, сыртқы саясаттағы ұстанымымызды аймақтық мәселеге көбірек назар аударту керек сияқты. Өйткені Қазақстанның бауырмалдық тамыры дәл осы аймақта жатыр. Сондықтан тамыры неғұрлым күшті болса, сыртқы саясатымыз да соғұрлым мықты болады.

Хабар 24 телеарнасы