386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бизнеске салықтық жеңілдіктер ауадай қажет - кәсіпкерлер

  • 127
  • UPD: 14:05, 22.08.2019
Қазақстанда бизнеске салықтық жеңілдіктер ауадай қажет - кәсіпкерлер

Қазақстанда бизнеске салықтық жеңілдіктер ауадай қажет. «Бұндай қадам өз кезегінде айналымға қосымша қаржыны бағыттауға мүмкіндік береді», - дейді Шымкенттегі кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы Қайыпбек Қамбаров.

«Хабар 24» арнасына берген сұхбатында ол көптеген кәсіпкерлер әлі күнге аударымдарын жасағанда қиындықтарға кездесетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының өткен съезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнес үшін салық ауыртпалығын төмендету арқылы экономикаға салықтық ынталандыру тетіктерін енгізуді ұсынған болатын.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай» ассоциациясының төрағасы:

- Партия съезінде Елбасы бастаған бастама көлеңкелі бизнестің жолын толық кесуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Салықтық төлемдерді уақытылы төлеу кәсіпкерлер үшін әрдайым оңайға соқпайды. Сондықтан да салық жүйесіне жеңілдіктер енгізу бірінші кезекте аймақтарда шағын және орта кәсіпті өркендетуге бағытталғанын түсінуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы