385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы: Мұнай-газ секторында заманауи технологиялар енгізу қажет

  • 109
  • UPD: 23:56, 26.08.2019

Мұнай-газ секторында заманауи технологиялар енгізіп, цифрлық шешімдерді кеңінен қолдануға баса назар аудару қажет.

Ақтөбе облысына сапары барысында мұнай өндіру, шикізат өңдеу, дайын өнім шығарумен айналысатын кәсіпорындар жұмысымен танысқан Үкімет басшысы Асқар Мамин осындай мәлімдеме жасады.

Сапар барысында Қожасай кен орнынан шығатын ілеспе газды өңдеу зауытының жұмысымен танысқан премьер-министр ондағы озық инновацияларды үлгі боларлық деп атады.

Өткен жылдың соңында ғана іске қосылған бұл газ өңдеу зауыты жылына 400 миллион текше метр өнім шығаруға қауқарлы. Тазартылған көгілдір отын мен конденсат, түйіршіктелген күкіртке сұраныс жоғары. Сондықтан ішкі нарықпен қатар жақын және алыс шетелге де экспортталады.

Үкімет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде мұнай-газ саласына ерекше көңіл бөлді. Экономика және әлеуетпен қатар кен өндірушілер экологиялық ахуалға да жауапты екендігін баса айтты. Бұл орайда «Gas Processing Company» мекемесінің үлесі зор. Себебі әдетте ауаға жағылып кететін ілеспе газ зауытта толығымен қайта өңделеді. Асқар Маминнің айтуынша, мұндай инновациялық кәсіпорын санын елімізде көбейту қажет. «Өйткені экономика газ түрінде қосымша ресурс алса, экологиялық ахуал әлдеқайда жақсаратын болады(, - дейді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

- Өндіріске жаңа технологияларды белсенді енгізу қажет. Цифрлық технологиялар еңбектің өнімділігін арттырып, шығын көлемін азайтады. Әлемде бұл бастамалар белсенді жүзеге асырылуда. Сондықтан біз де заманауи талапқа ерекше көңіл бөлуіміз тиіс.

Қожасайдағы зауыт 100% жеке инвестицияға салынған еліміздегі алғашқы кәсіпорын. Өндіріске құйылған қаражат көлемі – 42 миллиард теңге. Жаңа өндіріс мемлекет қазынасын да алдағы 7 жыл ішінде 10 миллиард теңге көлеміндегі салықтық түсіммен толықтыратын болады.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы