389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында кәсіпкерлік жобалар бойынша комиссия отырысы өтті

  • 138
  • UPD: 10:01, 27.08.2019

Ақтөбе облысының 162 тұрғыны «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында берілетін мемлекеттік гранттан үмітті.

Өңірде болашақ кәсіпкерлердің жобаларын  іріктеу бойынша конкурстық комиссия отырысы өтті. Облыс орталығы мен барлық аудандардан құны 390 миллион теңге болатын бизнес-жобасы түскен. Бір грантқа 8 азамат үміткер. Яғни бәсекелестік өте жоғары. Болашақ кәсіп орындарының 70 проценті ауылдық жерлерде іске асырылады. Үміткерлер арасында зейнеткерлерден, көп балалы аналардан, мүмкінігі шектеулі жандардан да өтінім бар. Сәйкесінше жобалары да әр алуан. Болашақ кәсіпкерлер этноауыл ұйымдастыру, былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі, алма бағы мен қымыз өндіруді ұсынып отыр. Бұл бастамаларды қолдау үшін бюджеттен 61 миллион теңге бөлу қарастырылған.

Лейла Актурина, Темір ауданының тұрғыны:

- Бизнес жобам тігінге оқыту орталығын ашу. Бұл жоба бойынша тігінше ынтасы бар қыз-келіншектерді, оқушыларды тігінге үйреткім келеді. Бизнесті жаңадан бастадым. Негізі осы уақытқа дейін мұғалім болдым. 3 млн көлемінде грант керек. Соны жүзеге асырамын әрі қарай ұтып алсам.

Хабар 24 телеарнасы