385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан экономикасы алдағы бес жылда қалай дамиды

  • 145
  • UPD: 22:11, 27.08.2019

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында осы мәселеге қатысты баяндама жасап, онда дамудың үш сценарийін ұсынды.

Жалпы ішкі өнім 2020 жылы 4,1% өссе, 2024 жылы 4,7% жетеді деген болжам бар. Бұған елге тартылатын инвестициялар сеп болмақ. Ал жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім келер жылы 10,5 мың долларды құраса, бес жылдан кейін бұл көрсеткіш 14,3 мың долларға дейін ұлғаяды. Сондай-ақ кеңесте республикалық бюджет туралы заң жобалары мен алдағы үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі сөз болды.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Республикалық бюджетте көзделген қаражат барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындау кезінде әрбір өңірдің ерекшеліктері мен олардың экономикалық даму деңгейі ескерілді. Сонымен қатар бюджет шығыстары экономиканың нақты секторын қолдауға, оның ішінде индустриалды-инновациялық дамуды қамтамсыз етуге, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымына, АӨК, цифрландыруға, жұмыспен қамтуға және бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы