385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Өзбекстан экономикасына салған инвестициясы 300 млн доллардан асты

  • 185
  • UPD: 19:28, 30.08.2019
Қазақстанның Өзбекстан экономикасына салған инвестициясы 300 млн доллардан асты

Қазақстанның Өзбекстан экономикасына салған инвестициясы үш жүз миллион доллардан асты.

Қомақты қаржы негізінен тоқыма, ауыл шаруашылығы және ұн мен маталлургия өндірісіне құйылған. Бұл мәліметтер Жызақ халықаралық инвестициялық форумында жарияланды. Әлемнің 25 елінен жиналған 250-ге жуық кәсіпкер аймақтың экономикалық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетімен танысты. Жиында агроөнеркәсіптік кешен, медицина, туризм және басқа да салалардағы серіктестік жайы сөз болды. Өйткені өңірде осы салаларға негізделген екі бірдей еркін экономикалық аймақ құрылған. Оған қоса көршілер шетелдік инвесторларды 2020 жылға дейін салықтан босатамыз деп отыр. Кедендік жеңілдіктері тағы бар.

Виктор Константинопольский, шетелдік инвестор:

– Мақсатымыз Бұқара қаракөлін қайта жаңғырту. Сондықтан үлкен кластер құрылады. Онда тері мен жүн терең өңделеді. Бұл жерге ең соңғы үлгідегі техникалар әкелінеді.

Азим Ахмедхаджаев, Жызақ облысы әкімінің орынбасары:

– Жүргізілген зерттеу жұмыстар мен форум аясында біз жалпы құны бір миллиард бір жүз он екі миллион доллардан асатын оншақты құжатқа қол қойдық. Оның ішінде түрлі қызметтерді орындау келісімі де бар.

Хабар 24 телеарнасы