389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық әйел мемлекет қолдауымен киім желісін іске қосты

  • 183
  • UPD: 08:49, 02.09.2019
Павлодарлық әйел мемлекет қолдауымен киім желісін іске қосты

Павлодарлық кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен киім желісін іске қосты. Негізгі тұтынушылары - жүкті және жаңа босанған әйелдер. Іскер жан қайтарымсыз грантқа ие болып, тігін цехын ашқан.

Идея авторы Сабина Байзақова - үш баланың анасы. Бала емізетін әйелдерге ыңғайлы киім іздеу мәселесімен жақын таныс болғандықтан жас аналар үшін киім-кешектердің өз үлгілерін ойлап тапқан. 

Сабина Байзақова, жоба авторы:

- Бұл киім үлгісі бала күтіміндегі келіншектерге арналған. Нәресте емгісі келгенде ыңғайсыздық туғызбайды. Жарасымды әрі сәнді модель. 

Жеке істі ашу идеясы екі жыл бұрын туған. Алдымен бизнес-жоспар әзірлеп, жобасы мемлекеттік грант ұтып алды. Тігін машиналары мен шикізат сатып алып, мамандарды жұмысқа қабылдады. Өнім тұтынушылардың көңілінен шықты. 

Сабина Байзақова, жоба авторы:

- Бұл көйлектер табиғи матадан тігілген. Әйелдер бұны жүкті кезде де, босанған кезде де кие алады. Емізетін келіншектерге арналғанк киімдер үлгілері де бар. Бұл өткен ғасырдың 70-жылдарындағы сәнді болған модельдер. Сұраныс болғадықтан көптеп тігеміз. 

Дизайнерлер мен тігіншілер сән мен ыңғайлылықты үйлестіре білген. Шикізат пен өзге керек-жарақтарды таңдауға баса назар аударылған. 

Олеся Скачкова, тігінші көмекшісі:

- Модельдер қарапайым әрі сәнді болуы тиіс. Әйелдердің таңдауы осы. Ең бастысы, сапалы әрі денсаулыққа зиян келтірмейді. 

Бұл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қолдау тапқан жобалар. Бүгінде бағдарлама аясында грант аламын деушілердің қатары екі есе артқан. Қазіргі уақытта облыста жауапты органдарға 160-тан астам өтініш түскен. 

Батыр Мұталапов, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Үш миллион теңгеге грант алу механизмі бойынша жыл басынан бері 9 грант үлестірілді. Барлығы қайтарымсыз. Биыл қосымша 40 млн. теңге бөлінді. Себебі, қолдау түрі жоғары сұранысқа ие. 

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қайтарымсыз грант алуда бәсекелестік мықты. Мамандардың айтуынша, бизнес жобалардың барлығы ішкі нарыққа аса қажет әрі болашағы зор.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы