387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 5% мөлшердегі қосымша зейнетақы аударымын енгізу 3 жылға шегерілді

  • 151
  • UPD: 15:02, 02.09.2019

Елімізде 5 процент мөлшеріндегі қосымша зейнетақы аударымын енгізу 3 жылға  шегерілді.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында айтты. Президент «осы уақыт ішінде бизнес пен Үкімет өкілдері, сондай-ақ сарапшылар ортақ мәмілеге келуі тиіс» деді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бұл алымдар әлеуметтік және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын сақтап тұр. Алайда  бұл жұмыс берушінің жаңа жұмыс орындарын ашуға және жалақыны көтеруге деген ынтасын төмендетуі мүмкін. Көлеңкелі бизнес артады. Сондықтан Үкіметке 5 процент мөлшеріндегі зейнетақы аударымын енгізуді  2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы