385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АӘК алатындардың басым бөлігі қосымша табыс көзін жасыруда – Қ.Тоқаев

  • 186
  • UPD: 15:16, 02.09.2019

Соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 77 мың адамнан 1 млн 400 мыңға дейін жетті. 

Осылайша бюджеттен бөлініп жатқан қаражат көлемі де 2017 жылдан бері 17 есе өскен. Басқаша айтқанда, азаматтардың көпшілігі жұмыстан жалтарумен немесе қосымша табыс көздерін жасырумен келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында осылай деді.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы